Сайтқа қойылатын талаптар
Құрметті серіктестер!
Сіздің назарыңызды Robokassa сервисіне қосылған кезде міндетті түрде сақталуы тиіс сайтқа қойылатын негізгі талаптарға аударуыңызды сұраймыз. Атап айтқанда, Сіздің сайтыңызды төлемдерді қабылдау режиміне ауыстыру (іске қосу) кезінде:
- Сайт жұмыс істеп тұруы керек, контенті толтырылып, ішкі сілтемелері жұмыс істеуі керек;
- Сайтта міндетті түрде ақпарат орналастырылуы тиіс (заңды тұлғаның/ЖК атауы, ЖСН/БСН, телефон, e-mail, жұмыс кестесі, нақты және заңды мекенжайы, тапсырысты ресімдеу қағидалары және орындау, оны төлеу, жеткізу және қайтару мерзімдері). Жеке тұлғалар, ЖШС, ЖК және ҚБ үшін тиісті түрде ресімделген және толтырылған бір беттік нысаналы беттерді (лендинг пейдждерді) пайдалануға жол беріледі;
- Интернет-дүкенде ұсынылған тауарлар/қызметтер ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келмеуі тиіс;
- Интернет-дүкен сататын тауарлар мен қызметтер егжей-тегжейлі сипатталуы керек;
- Сипаттама ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің сипаттамаларын, олардың тұтынушылық қасиеттері мен бағасын қамтуы керек;
- Тауарлардың немесе қызметтердің бағасы теңгемен көрсетілуі керек, әр түрлі валюталарда балама нұсқауға жол беріледі.
Ескерерлік жайт, бұл қосылған интернет-дүкендерге қойылатын негізгі талаптар, бірақ әрбір әлеуетті клиент жеке тәртіпте қарастырылатын болады.