Сұрақтар және жауаптар

voprosi otveti - robokassa.kz

Сервиске қосылу тегін, абоненттік төлем жоқ.

Біз тек сіздің сатып алушыларыңыздан нақты төлемдер үшін комиссия аламыз. Комиссия – 2.9% бастап 3.9% дейін және сіздің жобаларыңыз бойынша ай сайынғы айналымға байланысты. Айналым неғұрлым жоғары болса, комиссия соғұрлым төмен болады.

Бізде қайырымдылық және коммерциялық емес ұйымдар үшін жеке тариф бар — айналымына қарамастан 2.7%.

Бізбен жұмыс істеуді 24 сағат ішінде бастауға болады. Сізге тіркеуге, жеке кабинетті толтыруға және құжаттарды қоса тіркеуге шамамен 60 минут кетуі мүмкін. Ал бізге, өз кезегінде, келісу және іске қосу үшін 1 жұмыс күні қажет.

Біз сіздерге танымал сайт құрастырушыларға арналған 50 астам нұсқаулық дайындадық. Сіз төлем модулін 5-20 минут ішінде қоса аласыз.

ЖШС үшін:

Құрылтай құжаттарының пакеті және сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізден таба алатын екі құжат: сауалнама және шартқа қосылу туралы растау.

ЖК үшін:

Жеке куәлік, ЖК тіркеу туралы куәлік және сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізден таба алатын екі құжат: сауалнама және шартқа қосылу туралы растау.

Ақша, сервис комиссиясын шегергенде, жеке кабинеттің балансына түседі. Жеке кабинеттің балансынан сіз ЖК немесе ЗТ есептік шотына ақша шығарасыз. Біз сізді шығарылымдардың санына немесе сомасына қатысты шектемейміз.

Шығару үшін комиссия-250 теңге.

Жібереміз! Біз сізді «Учёт Онлайн Касса» жүйесіне қосамыз және интеграциямен көмектесеміз. Онлайн-касса сіздің тарифіңізге енгізілген, сізге тек кассаңызды «Транстелеком» ФДО-да тіркеу керек болады.

Сайт үшін негізгі талап − бұл сіз сататын тауарлар мен қызметтер туралы ақпараттың болуы – теңгедегі баға, тауардың сипаттамасы мен параметрлері.

Сондай-ақ, сайтта бізге жоба және жария оферта шарты/пайдаланушылық келісім тиесілі компанияның деректемелері түріндегі заңды ақпарат қажет.

Жаңалықтар

Назар аударыңыз! Шарттың жаңа редакциясы

Назар аударыңыз! Шарттың жаңа редакциясы

Құрметті клиенттер!

Сіздерге Қызмет көрсету туралы шарттың 8.1. нұсқасы редакциясының жаңартылғанын хабарлаймыз, аталмыш нұсқа 2023 жылғы 1 мамырында бастап қолданысқа енгізіледі.

Өзгерістер жаңа тарифтік жоспарлардың енгізілуіне қатысты.Шарттың жаңа редакциясымен мына жерден таныса аласыз

Назар аударыңыз! Шарттың жаңа редакциясы

Назар аударыңыз! Шарттың жаңа редакциясы

Құрметті Клиенттер!

Сізге 2023 жылдың 1 наурызында күшіне енетін Қызмет көрсету келісімінің 8.0. нұсқасының жаңартылғандығы туралы хабарлаймыз.

Өзгерістер жаңа тарифті енгізуге қатысты.

Келісімнің жаңа нұсқасын мына жерден оқи аласыз

Назар аударыңыз!

Назар аударыңыз!

Жеке тұлғаларға төлем қызметтерін, сондай-ақ Robokassa жүйесі арқылы Төлем жасау кезінде ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған қызметтерді көрсету жөніндегі Жария офертасының жаңартылғаны туралы хабарлаймыз.

Оферта 08.02.2023 жылы қолданысқа енгізілді, оның мәтінімен сілтеме бойынша таныса аласыз.

Назар аударыңыз! Шарттың жаңа редакциясы

Назар аударыңыз! Шарттың жаңа редакциясы

Құрметті Клиенттер!

Сіздерге 2023 жылдың 08 ақпанында күшіне енетін Қызмет көрсету келісімінің 7.1. нұсқасының жаңартылғандығы туралы хабарлаймыз.
Өзгерістер компанияның атын өзгертуге қатысты.
Келісімнің жаңа нұсқасын мына жерден оқи аласыз.

Кәсіпкерлер үшін маңызды: 2023 жылғы Қазақстанның салық заңнамасындағы өзгерістер

Кәсіпкерлер үшін маңызды: 2023 жылғы Қазақстанның салық заңнамасындағы өзгерістер

Өткен жыл қазақстандықтардың әдеттегі өміріне көптеген өзгерістер енгізді. Өзгерістер салық заңнамасына да әсер етті: ЖК үшін салық жеңілдіктерінің аяқталуы, кірістер шегіндегі өзгерістер және басқалар. Ал 2023 жылғы қаңтардан бастап арнайы салық режимдерін қолданатын кәсіпкерлер алған кірістерінен есептелетін салықтарды төлейді. Қазақстанның салық заңнамасындағы барлық өзекті өзгерістер туралы ары қарай оқыңыз.

КТС бойынша шегерімдер

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап КТС бойынша шегеруге жатпайтын шығыстардың тізбесі толықтырылды. Мұндай шығыстарға енді бейрезиденттен – өзара байланысты тараптан мынадай қызмет түрлерін: басқару, франчайзингтік, қаржылық (сыйақы бойынша шығыстарды қоспағанда), консультациялық, консалтингтік, аудиторлық, дизайнерлік, адвокаттық, жарнама, маркетингтік, заңгерлік, бухгалтерлік, инжинирингтік, агенттік, сондай-ақ роялти және зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқықтарды сатып алу бойынша шығындар жатады.

ЭШФ ұсыну

Жаңа жылдың басынан бастап электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып берудің және оның нысандарының жаңа ережелері қолданылады (ЭШФ АЖ, ҚР Қаржы министрлігінің 22.04.2019 № 370 бұйрығы).

Енді жеткізушілер мемлекеттік сатып алулар шарттарын орындау аяқталғаннан кейін ЭШФ АЖ-да шот-фактураларды, актілерді және шартты орындау туралы құжаттарды тек электрондық түрде ресімдеуге міндетті.

Салықтар және криптовалюталар майнингі

2023 жылдан бастап цифрлық майнинг үшін төлем мөлшерлемесі өсуде – оның мөлшері қазір электр энергиясының 1 квт/сағ құнына байланысты. Арзан электр энергиясын пайдалану кезінде 25 теңгеге дейінгі жоғары төлем мөлшерлемесі қолданылады және керісінше, 24 теңге және одан жоғары тұратын қымбат электр энергиясын пайдаланған жағдайда 1 теңге мөлшеріндегі ең төмен төлем мөлшерлемесі қолданылады.  Меншікті электр станцияларында өндірілген электр энергиясының жаңғырмалы көздерін пайдаланған кезде төлемақы мөлшерлемесі тұтынылған электр энергиясының 1 квт/сағатына шаққанда 1 теңгені құрайды.

Салық заңнамасына келетін болсақ, арнайы режимдерді қолданған жеке кәсіпкерлер үшін салықтық жеңілдіктердің үш жылдық кезеңі аяқталғанын атап өткен жөн. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қызмет бойынша табыстарға режимдерге сәйкес салық салынады. Бұл жерде 2023 жылы ЖК арналған кіріс шектерін білу маңызды.

Есептеу үшін келесі көрсеткіштер алынады:

  • Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 70 000 теңге.
  • Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге.

2023 жылғы “оңайлатылған тәртіптегі” кіріс шектері:

  • Жартыжылдықта “оңайлатылған тәртіп” бойынша жұмыс істеу үшін ең жоғары табыс – 24 038 АЕК (82 931 100 тг).
  • Патент бойынша жұмыс істеу үшін ең жоғары табыс – 3 528 АЕК (12 171 600 тг).
  • ҚҚС бойынша міндетті есепке қою үшін айналым – 20 000 АЕК (69 000 000 тг).

Егер салық салуды әр режим үшін бөлек қарастырсақ, келесілерді есте сақтау маңызды:

  • Жалпы белгіленген режимде шек жоқ.  
  • Оңайлатылған декларация үшін 24 038 АЕК (82 931 100 теңге) шегі белгіленді.
  • Патент режимі қызметтен 1% салық төлеуді болжайды және мұнда 1 жылдағы кірістердің шегі 3 528 АЕК (12 171 600 теңге) құрайды. Бөлшек салық ай сайын 25 жұлдызға дейін төленуі керек және оған ешқандай шектеулер жоқ. 
  • Тіркелген шегерім режимі үшін салық 0% бастап 10% дейін ұлғаяды және кіріс шегі бір жыл ішінде 144 184 АЕК (497 434 800 теңге) мөлшерінде белгіленеді. 
  • Мобильді қосымша режимі 3 528 АЕК (12 171 600 теңге) кіріс шегін болжайды. 

Кәсіпкерлер салық органдарының тарапынан санкцияларға ұшырамауы және өз қызметінің заңдылығына сенімді болуы үшін салық заңнамасындағы өзгерістерді уақтылы қадағалап отыруы қажет. Ал Robokassa сатып алушылармен есеп айырысудың дәлдігіне сенімділік қосады. 

Astana Hub қатысушысы

Astana Hub қатысушысы

Жақсы жаңалықпен бөліскіміз келеді, біздің компания Astana Hub технопаркына қатысушы атанды. Бұл жайт жаңа өнімдерді жылдамырақ әрі тиімдірек қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Серіктестер мен мерчанттарды қолдау

Серіктестер мен мерчанттарды қолдау

Біздің қолдау қызметіміз тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Егер сізде сервис жұмыс бойынша сұрақтар туындаса:
8 800 500-25-57
8 727 277-77-97

Сұрақтарыңызға қуана жауап береміз.

Назар аударыңыз! 

Назар аударыңыз! 

Жеке тұлғаларға төлем қызметтерін, сондай-ақ Robokassa жүйесі арқылы Төлем жасау кезінде ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған қызметтерді көрсету жөніндегі «Робокасса» ЖШС Жария офертасының жаңартылғаны туралы хабарлаймыз.

Оферта 30.11.2022 жылы қолданысқа енгізілді, оның мәтінімен сілтеме бойынша таныса аласыз.

Назар аударыңыз! Шарттың жаңа редакциясы

Назар аударыңыз! Шарттың жаңа редакциясы

Құрметті клиенттер!

Сіздерге Қызмет көрсету туралы шарттың 7.0. нұсқасы редакциясының жаңартылғанын хабарлаймыз, аталмыш нұсқа 2022 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Өзгерістер жаңа тарифтік жоспарлардың енгізілуіне қатысты.Шарттың жаңа редакциясымен мына жерден таныса аласыз

Шарттың жаңа редакциясы

Шарттың жаңа редакциясы

Құрметті клиенттер, 2021 жылғы 29 қыркүйектен бастап шарттың жаңа редакциясы күшіне енеді. Негізгі өзгеріс: 2021 жылғы 29 қыркүйектен бастап, халықаралық төлем жүйелері мөлшерлемелерінің өсуіне байланысты, шетелдік банктер шығарған банк карталары бойынша тарифтер енгізуге мәжбүрміз. Қазақстандық банктермен эмиссияланған карталар бойынша тарифтер өзгеріссіз қалады.

Шарттың жаңа редакциясымен мына жерден танысыңыз.